$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Тау-кен өндірісі кәсіпорындары теңгенің құлдырауынан қауіптенбейді

AstanaTV
12.02.2014ж. 20:00
1636
Тау-кен өндірісі кәсіпорындары теңгенің құлдырауынан қауіптенбейді

Қазақстанның тау-кен өндірісі кәсіпорындары теңгенің құлдырауынан қауіп жоқ дейді. Бұл туралы бүгін қауымдастықтың атқарушы директорының орынбасары Төлеген Мұқанов мәлімдеді. Қазір тау-кен өндіруші және металлургия қауымдастығының құрамында 300 компания бар. Олар шығаратын өнімнің 90 пайызы экспортталады. Бұл тауар елдегі жалпы экспорттың 13 пайызын, ал жалпы ішкі өнімнің 11 пайызын құрайды. Сондықтан, Мұқанов мырза елдегі макроэкономикалық тұрақтылық қауымдастықтағы кәсіпорын жұмысына тікелей байланысты деді. Ал теңгенің құлдырауы өнеркәсіпті дамытуға жұмсалатын ерікті қаржының пайда болуына әсер етпек. 


Төлеген Мұқанов, «Тау-кен өндіруші және металлургия кәсіпорындары» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары:


Өте қиын жағдайда қазір "Арселор Миттал Теміртау" - Қазақстандағы қара металлдар өнеркәсібіндегі бір-ақ өнеркәсіп прокат шығаратын. Оның шығаратын металлдар құны 2012 жылға қарағанда 2013 жылы екі есе төмендеп кетті. Бұған да осы түскен қаражаттың пайдасы, әрине, тиеді.


Ұлттық банктің аяқ асты жариялаған шешімін «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы да қолдайды. Дегенмен, алып қауымдастық басшысы болжамға емес, уақытқа сенетінін айтты.


Эдуард Огай, «Қазақмыс» қауымдастығының басқарма төрағасы:


Жарты жыл өткен соң, әрбір тоқсан қорытындысы бойынша теңгеге енгізілген түзету әсерін бақылаймыз. Дегенмен осы немесе келесі айда-ақ оң нәтиже байқалады деп ойлаймын. Сол кезде біздің компаниямен тауар тасымалдаушылар жаңа баға бойынша келісім жасайды.


Сымбат МОЛДАТАЙ