$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Доллар бағамы тұрғын үй бағасы мен құрылыс материалдарының құнына әсерін тигізбей қоймайды

AstanaTV
12.02.2014ж. 20:00
2153
Доллар бағамы тұрғын үй бағасы мен құрылыс материалдарының құнына әсерін тигізбей қоймайды

Доллар бағамының шарықтап кетуі тұрғын үй бағасы мен құрылыс материалдарының құнына әсірін тигізбей қоймайды. Өзекті мәселе ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің отырысында талқыланды. Жиынға Өңірлік даму вице-министрі де қатысты. Алайда баспана бағасына қатысты болжам жасаудан тараптардың барлығы тартынды. Ал салалық сапаршылардың өз болжамы дайын. Айгүл Әдепбай тарқатады.


Құрылыс материалдары қымбаттап, баспана бағасы бағынбай кетеді деген алып қашпа әңгімеге ұлттық кәсіпкерлер палатасында бүгін байыппен қарауға тырысты. "Доллардың 25 пайызға секіруі, құрылыс материалдары да осындай межеге қымбаттайды", - деген сөз емес дейді Өңірлік даму вице министрі. Дегенмен бағаның өсетінін жоққа шығармады.


Серік Нокин, ҚР Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі:


Мен өседі дедім. Өскенде 25 пайыз доллар өсті, ал құрылыс 25 пайызға өспейді. Қаншаға өседі сонда? -Оны санау керек. Осы доллардың өсуі ол да біздің немізге әсер беретін болады. Оны санау керек. Қанша пайызға өсетінін.


"Санасақ, цемент, бетон, арматура сынды құрылыс материалдарының 98-99 пайыз отандық өнім. Ал керамика, шыны, санфаянстың керісінше 99 пайызы шетел импорты. Алайда құрылыста шынының тек 3-4 пайыздық үлесі бар екен. Сондықтан оның бағаға әсері болмайды. Жалпы есептегенде құрылыс материалдарының 65-70 пайызы елемізде шығарылады. Десе де құрылыстық заттардың қымбаттауы тұрғын үй бағасына әсер ете ме деген сұраққа ұлттық палата өкілі қиналып қалды."


Төлеутай Рақымбеков, ҚР ТКШ мен құрылысы ұлттық палатасының басқарма төрағасы:


Таза әсер болмайды деп айту қиын. Баға көтеріледі ғой? - Тікелей байланыс бар деп айта алмаймын. Кейбіреулер айтады бір шаршы метрі 1000 доллар дейін барады дейді. Біреулер сарапшылар одан төмен болуы мүмкін дейді.


Сарапшылар мен экономистер тұрғын үй шаршы метрін шынымен де санап жатыр. Доллар бағамы көтерілсе, құрылыс материалдарының да, баспананың да құны өзгеріссіз қалмайтынын айтады.


Жангелді Шымшықов, «Экономика институтының» директоры, сарапшы:


Құрылыс материалдарының бағасы пропорционалды түрде теңге қаншаға құнсызданады, соншаға баға көтеріледі, құрылыс материаладарының бағасы көтерілсе, автоматты түрде тұрғын үйдің бағасы көтеріледі.


Ал пластик терезе жасаушы Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкер өнімінің бағасын бірден 20 пайызға арттыруға бекінген. Тауар құнын көтермесек, шикізат шығынына шаш етектен батамыз дейді.


Бауыржан Бектаев, кәсіпкер:


Шеттен келмей өзімізде шикізат істелетін болса, әрине, көтермейтін едік. Теңгемен есептелсе, қазір алып жатқан шикізат бәрін килосы метражы бәрі долларға байланысты болады бағасы. Сондықтан бізге көтеруге туралы келеді бағаны.


Әбігерге түсіп жатқан кәсіпкерлер ғана емес, пәтер саудалаушылар да, алып-сатарлар да бағаны бағып, әліптің артын аңдып отыр. Бірақ риэлторлардың айтуынша жылжымайтын мүлік құны қазірдің өзінде жүгенсіз.


Инна Ухналь, элиталы жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:


Жылжымайтын мүлік бағасы доллармен есептеледі. Сондықтан тұрғын үй бағасы бірден 19-20 пайызға көтеріліп кетті. Риэлторлардың көбі үй сататын қожайындарға шағымдануда. Үй сатушылар бағаны біздің көз алдымызда 1,5-2 пайызға көтеріп, өзгертіп жатыр. Сөйтіп сатып алам деген адамдарды үркітуде.


Айгүл Әдепбай, тілші:


Дегенмен доллар курсының өзгеруі тұрғын үй құрылысына әсер етпейді деген пікірде мамандар. Құрылыс АҚШ валютасына емес, экономика жағдайына байланысты болғандықтан жалғаса береді дегенді айтады. Айтуын айтса да, нарық талаптары бөлек, ол өз дегенін қылады. Оны реттеу жағы құр жиналыстармен шешілмейтіні анық. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ