$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шығыс қазақстандықтар азық-түлік бағасына қатысты ғаламтор желісі арқылы арыз қалдыра алады

AstanaTV
12.02.2014ж. 20:00
1520
Шығыс қазақстандықтар азық-түлік бағасына қатысты ғаламтор желісі арқылы арыз қалдыра алады

Шығыс қазақстандықтар азық-түлік бағасына қатысты ғаламтор желісі арқылы да арыз қалдыра алады. Жергілікті билік халыққа осындай мүмкіндік жасап отыр. Баға тұрақтылығын сақтау үшін құрылған комиссия қаржы айырбастарының заңды түрде жүруі мен азық-түлік бағасының өспеуін қадағалайды. Тұрақтандыру қорындағы тауарлардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпек.

Тұрғындар сауда орындарында бағаның көтерілгенін байқаса, жергілікті биліктің ресми сайттарына кіріп, арыз-шағым түсіре алады. Ет, сүт, жеміс-жидек, көкөніс сынды елімізде өндірілетін тауар мен жанар-жағармай қымбаттамауға тиіс деп жергілікті билік өкілдері қадап айтты. Шығыс Қазақстанның тұрақтандыру қорында сегіз жарым мың тоннадан астам азық-түлік сақтаулы.


Нұрлыбек Шерубаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:


Тұрақтандыру қорында  қанша көкөніс бар? Және қанша уақытқа жетеді? Мен жаңа айтып кеттім. 6 мың тонна көкөніс бар. Бізге бір кварталға жетеді.


Қанат ОРАЛБЕК