АҚШ федералды қор жүйесінің жаңа
басшысы Джанет Йеллен ақшаны басып шығару көлемін қысқартуды көздейді. Бұл - Америка экономикасының қазіргі жағдайына қарай отырып жасалған қадам. Айтуынша, жұмыссыздық мөлшері бүгінде 1 жарым пайызға төмендеген. Ал қаңтарда ол 6,6% -ға
түскен еді. Яғни жұмыс орындары 113 мың адамға жетті деген сөз.
Сондай-ақ
Йелленнің атап өткеніндей, жұмыспен қамту жайы әлі де керемет деңгейде емес.
Осыған орай пайыздық ставкалар өзгеріссіз қалуы әбден мүмкін. Бұл жағдай
жұмысыздық деңгейі 6,5% төмендегенше жалғасады.
Джанет Йеллен, АҚШ Федералды қор
жүйесінің басшысы:
Егер статдеректер еңбек
нарығындағы жағдайдың жақсаруы мен инфляцияны қайтарудың көптен күткен мақсатты
деңгейге жеткені байқалса, федералды комитет құнды қағаз сатып алу деңгейін
қысқартады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА