$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Оңтүстік Қазақстан облысында болды

AstanaTV
12.02.2014ж. 20:00
1078
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Басты мақсат - Елбасы Жолдауын насихаттау. Еліміздегі ең ірі облысты барынша кеңінен қамту мақсатында Мәжіліс спикері еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесіп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин алдымен Кентау қаласындағы трансформатор зауытына ат басын бұрды. Зауыт - елімізге танымал ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда шығарылатын трансформаторлық құралдар экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие. Зауыт жыл сайын жаңа технологияларды енгізумен қатар, дуальдік білім беру мәселесінде басқаларға үлгі боларлық. Президенттің заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылып, биіктерді бағындыруға жол сілтеген биылғы Жолдауы әр жұмысшының жүрегінен орын алғандай.


Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:


Елбасының биылғы Жолдауы бүкіл елімізге, халқымызға, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысына да ерекше серпін беруде. Онда айтылған әрбір міндет - жаңа өндіріске, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, инновациялық бағдарламаларға, жаңа табыстарға жол ашып отыр. Сондықтан, бұл Жолдауды орындауға әрбір азаматтың өз үлесін қосуы үшін мүмкіндіктер өте зор. Осының барлығы - біздің асыл мұратымыз, ұлы мақсатымыз «Мәңгілік ел» болу жолындағы нақты қадамдардың бірі.


Адасбай Стваев, Кентау трансформатор зауытының бас құрастырушысы:


Әрбір Жолдауында қазақстандықтарды жаңа бағытқа жетелеп, инновациялық жаңа бағыттарға жол салады.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА