$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бразилия: Жол ақысының көтерілуіне наразы 1000 адам ереуілге шықты

AstanaTV
13.02.2014ж. 10:00
1016
Бразилия: Жол ақысының көтерілуіне наразы 1000 адам ереуілге шықты

Бағасы аспандап тұрған жолақы Бразилия халқын жаппай шеруге шығарды. Мыңға жуық тұрғын Рио-де-Жанейро қаласының көшелеріне шығып, наразылық танытуда.

Салдарынан метрода кезекте қалған адамдардың қарасы қалыңдады, пойыздар мен автобустар жұмысы да тоқтап қалды. Елдегі мұндай жаппай шеруді тоқтату үшін тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолдануда.

Еске салайық, мұндай наразылық акциялары Бразилияда өткен жылдың жазынан бері жалғасып келеді. Оның себебі жалғыз - 2014 жылға белгіленген футболдан әлем чемпионаты. Осы айтулы шараға дайындық салдарынан ел билігі әлеуметтік қажеттілікке бөлінетін көмек пен көлік жүйесіне берілетін қаржыны қысқартқан. Өзіне тиісті қаржыдан қағылған халық президент Дилма Руссефті айыптауда, олар Әлем чемпионатына бөлінген 14 миллиард доллар одан да өзге қажетті шараларға жұмсалуы тиіс еді деп есептейді.

Сымбат МОЛДАТАЙ