$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-та 8 автокөлік жер астына түсіп кеткен

AstanaTV
13.02.2014ж. 13:00
1090
АҚШ-та 8 автокөлік жер астына түсіп кеткен

Американың Кентукки штатында сегіз көлік бірден жер астына түсіп кетті, олар қайдан шыққаны белгісіз шұңқырға құлаған. Мұндай оқыс жайт Chevrolet Corvette көліктері қойылған автомұражайда орын алды.

Бірнеше секундта автокөліктер тұғырларымен бірге тоғыз метр тереңдікке бір-ақ құлады. Темір тұлпарлардың сегізі де - раритетті коллекцияда тұрған бағалы көліктер. Белгілі болғаны, олардың алтауы зақымданған. 


Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ автомұражай бірнеше күнге жабылып қалды. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр, оның залалы да есептелуде.

Сымбат МОЛДАТАЙ



 

Алдыңғы жаңалық