$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы борыштан құтылудың қамына кірісті

AstanaTV
13.02.2014ж. 20:00
1070
«Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы борыштан құтылудың қамына кірісті

Оралда күнбағыс майынан шыққан дау шешімін тапқандай. «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы борыштан құтылудың қамына кірісті. Ал оған дейін қарызға белшеден батқан зауытты аман сақтап қалу жолдары іздестірілуде.

Өткен жылдың күзінде Батыс Қазақстан облысындағы 30 шаруа қожалығы жергілікті биліктің кеңесімен өнімін "Батыс Күнбағыс" май зауытына өткізген. Содан бері шаруалар тиесілі ақшасын ала алмай жүр.

Кәсіпорын шаруа қожалықтарына 200 миллион теңге берешек. Кәсіпорынның жалпы қарызы 2,5 миллиард теңгеге жетіпті. Қарызы қордаланған зауыттан күдер үзген "Қазагроқаржы" да арадағы келісімді біржақты бұзған.

Төлебай Меңдоразов, «Қазагроқаржы» АҚ БҚОФ директоры:

Инвестор есебінде біз де өте қиналып жүрміз. Өйткені, біздің ақшаларымыз қайтпай қалды. Оның болашағы бізді сондай толғантады, шынын айтқанда, қазір қалталы, жағдайы бар, осы облыста өзінің іскерлігімен көзге түскен жігіттерді шақырып жатырмыз. Жуық арада ол іс шешіледі деп ойлаймын.

Қазір зауытты тығырықтан шығаратын инвесторлар іздестіріліп жатыр. «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері отандық компаниялар демеуші болатынын айтып сендіруде.

Ержан Балтаев, "Орал ӘКК" ҰК" АҚ бастығы:


Осы компаниялардың 30%-на қазіргі таңда берешек толығымен жабылды. Сонымен қатар, қалған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, оларға қарызды жабу осы бір айдың ішінде көлемінде көзделіп отыр.

Еркін ҚАРИН