Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы көтерілмейді. Бұл туралы
журналистермен кездесуде денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов
мәлімдеді. "Өткен жылы "Самұрық-Қазына Фармация" серіктестігі 90
миллиард теңге сомасына дәрі-дәрмек алып қойған. Барлық фармокологиялық
компаниялармен келісім шарт алдын-ала жасалған. Ол жерде валюталық тербелістер
туралы айтылмаған. Осы себепті биыл баға шарықтайды деген ақпарат -
жалған" - дейді.
Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
Ағымдағы жылдың сәуір айында біз заң жобасына қосымша өзгертулер
енгізбекпіз. Соның арқасында дәрі-дәрмектің ұлттық формулярын жасап шығарамыз.
Оның ішінде жеті мыңнан астам дәрінің өз атауы жазылып, нақты бағасы
белгіленбек. Бұдан кейін бір де бір дәріхана белгіленген бағадан аса алмайды.
Жұрағат БАМАН