Ал АҚШ өз ретінде қар құрсауынан
құтыла алмай жатыр. Бүгінде төрт мыңнан астам әуе рейстері кейінге қалтырылған.
Толассыз жауған қар салдарынан тек ішкі әуе қатынастары ғана емес, халықаралық
рейстер де тоқтатылды.
Синоптиктердің ақпарынша, жақын арада
қар көлемі тағы да ұлғая түспек. Елдің кейбір
аудандарында қарлы бұрқасын болады деп болжауда. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады
деп күтілуде.
Қазіргі таңда Луизиана, Нью-Джерси және
тағы бірнеше штаттардың губернаторлары төтенше жағдай жариялады. Жүздеген мектеп, колледждер мен офистер, мемлекеттік
ведомстволар жабылған. Қардың көп жаууына байланысты елдің ірі жолдарында қозғалыс
тоқтатылған.
Жұрағат БАМАН