$478.93 €534.96 ₽5.16
×

ENRС, «Арселор Миттал Теміртау» және «Қазцинк» компаниялары жалақыны 10 пайызға арттырады

AstanaTV
14.02.2014ж. 20:00
801
ENRС, «Арселор Миттал Теміртау»  және «Қазцинк» компаниялары  жалақыны 10 пайызға арттырады

Жалақы артсын! Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жиында осындай пәрмен берді. Іле-шала ENRС, «Арселор Миттал Теміртау»  және «Қазцинк» компаниялары  жалақыны 10 пайызға арттыратынын айтты. Бүгінгі таңда  ENRС компаниясында 65 мыңға жуық адам  еңбек етеді. Тау-кен металлургиялық өнімдердің әлемдегі бағасы құлдыраған соң компания өнімі біраз бәсеңдеген. Алайда  теңгенің  жаңа бағамы жұмысқа жан бітіреді деген сенім бар. 


Александр Машкевич,  ENRC компаниясының негізін қалаушы акционері:


«Кеншілер мен шахтерлердің ауыр еңбегі лайықты марапатталуы қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жалақыны өсіру туралы тапсырмасын орындай отырып, корпорация кезекті рет бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге мүдделі екенін көрсетеді».


Виджай Махадеван, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры:


Бүгінгі Қазақстан Президентінің үндеуінен кейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қызметкерлерге төленетін жалақыны арттырады. 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап жалақы құны 10 пайызға артады.


Никола Попович, «Қазцинк» ЖШС басқарма төрағасы:


Жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріміздің алдындағы міндеттемемізді түсінеміз. Елбасының үндеуіне байланысты сәуір айынан бастап ұжымымыздың жалақысын көтереміз. Теңге бағамының өзгеруіне орай "Қазцинк" компаниясы экономиканың барлық секторларының азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сақтау керектігіне түсіністікпен қарайды.


Әлия ӘШІМ