$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда «БатысПоймаАгро» корпорациясының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
14.02.2014ж. 20:00
934
Оралда «БатысПоймаАгро» корпорациясының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Оралда қоймашылар дауына нүкте қойылды. Сот «БатысПоймаАгро» корпорациясының төрағасы Армат Ахметовті 7 жылға, астық қабылдау комбинатының құрылтайшысы Мұрат Жаркеевті 8 жылға соттау жөнінде үкім кесті. Оларға астықты  жасырын сатып, мемлекетке 601 миллион теңге шығын келтірді деген айып тағылған. Сот деректерінде 19 шаруа қожалығына көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 340 млн теңгеге жуық қаржының да қолды болғаны келтіріледі.

Тергеу барысында бұл іске Мұрат Жаркеевтің қатысы бары белгілі болады. Ол шаруаларға алдын-ала қол қойғызып, егіс жұмыстарына керек қаржыны "БатысПоймаАгро" корпорациясының есеп-шотына аудартқызған. Кейін одан  түскен ақшаны өз пайдасына жаратады. Бұл жөнінде айыптау қорытындысында жазылған. Сот үкімімен келіспеген қорғаушылар  Жаркеевтің  жеке дүние-мүлкін кепілге қойғанын, оның бағасы берілген ақшадан әлдеқайда көп екенін айтты. "Сондықтан Жаркеевті алаяқ деп айыптау негізсіз", - дейді. Енді  олар Жоғары сотқа шағымданбақ.


Руслан Жұмағұлов, қорғаушы:


Қорғаушылар соттың үкімімен келіспейді. Иә, ол өз міндетін орындай алмай қалған табиғаттың қолайсыз жағдайына байланысты. Алайда өзінің акциясын кепіл ретінде бергендіктен, Жаркеевтің әрекетінде қылмыс құрамының белгілері жоқ деп есептейміз.


Еркін ҚАРИН