Қызылордада тұтас бір үй мұз құрсауында қалып отыр. Чайковский көшесіндегі көпқабатты үйдің алпыс тұрғыны мұзға айналған кіреберістен қауіптенеді. Оның үстіне ескі үй 44 жыл бойына жөндеу көрмепті. Жазда жертөледен шығатын күлімсі иістен, қыста суықтан мезі болған тұрғындар арнамызға шағымданды. Мұз басқан үй туралы Шарипа Сақтапова жалғастырады.
Любовь Гололобова қалың көрпе жамылып әуре. Қанша қабаттаса да - дірдектейді.
Жылу бар, бірақ мардымсыз. Сондықтан
қарияға пәтер қыста пана болмай тұр. Қара суық түскен бойда балалары мен
немерелерін туыстарына жіберген.
Любовь
Гололобова, П.Чайковский көшесі № 6 үй тұрғыны:
Міне
тоғыз мыңға қалың көрпе сатып алсам да, суық өтіп барады. Ұйықтаудан қалдық.
Келеміз, жөндейміз деп уәде береді барлығы. Бірақ ештеңе өзгермейді. Мен не істерімді білмеймін, шаршап кеттім,
өзімнің жүрегім ауырады. Қазір балаларым туыстарымыздың үйін паналап жүр.
Бұл
- осы үйде тұратын 60 отбасының басындағы жағдай. Олар қарақшылардан қорқып,
суық та болса пәтерлерінде отыруға мәжбүр. Ал кіреберістегі мына мұз айдын
қартқа да, балаға да кіріп шығуға
қиындық туғызып тұр.
Роза
Ғалиуллина, П.Чайковский көшесі № 6 үй
тұрғыны:
Мақұл,
менің жасым елуде. Ал сексен сегіз, тоқсандағы қарияларымызға обал, үйлеріне
мынау сырғанақпен қалай кіріп-шығады. Жертөленің сиқы мынау. Біз жер астында
тұратын сияқтымыз. Қазір 21-ші ғасыр ғой, ойлану керек.
Гүлсара
Нұртаева, П.Чайковский көшесі № 6 үй
тұрғыны:
Үйіміздін
подвалы су, жаз болса - сасық, кәріз суы - барлығы ағып жатады. Масасы көп
болады. Қыста подъезден үлкен кісілер кіріп-шыға алмаймыз. Өйткені қыстын
салқынында 5 қабатқа дейін мұз қатып жатыр.
Тұрғындар
жергілікті билікке «айта-айта шаршадық» дейді. Ал қалалық тұрғын үй
инспекциясы бөлімі бізге мәселе биыл шешімін табады деп уәде етті.
Оразхан
Абдуллаев, Қызылорда "Қалалық тұрғын үй
инспекциясы бөлімі" ММ басшысы:
Осы
жылы бір миллиард 884 миллион тенгеге жетпіс үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу
жоспарланып отыр. Осы тізімде Чайковский көшесіндегі алтыншы үй де бар.
Жалпы
облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің сексен пайызы күрделі жөндеуді қажет
етеді. Он тоғызы апатты жағдайда тұр.
Шенеуніктердің ақпаратына сенсек, Чайковский көшесіндегі 6-үйге
күрделі жөндеу жазда басталады. Ал оған дейін алпыс отбасы қысты аяқтап,
жертөле суға толатын көктемді бастан өткізуі керек.
Шарипа
САҚТАПОВА