Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бокстан олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев "Нұр Отан" партиясынан көмек сұрап жүр

AstanaTV
14.02.2014ж. 20:00
1509
Бокстан олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев "Нұр Отан" партиясынан көмек сұрап жүр

Бокстан олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев "Нұр Отан" партиясынан көмек сұрап жүр. Бүгін партияның қоғамдық қабылдауында болған спортшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменовпен жүздесіп, өз мәселесін алға тартты. Айта кетейік, ол жуырда пәтер дауына қатысты сотта жеңіліс тапқан-ды. Алайда спортшы өз сөзінде: "Мен сот процесіне қатыспадым. Менің қорғаушым да болмады онда. Істі сырттай қарай салған",- деген уәжін айтты.


Бақыт Сәрсекбаев, Бейжің олимпиадасының чемпионы:


Не было моего представителя, моего адвоката не было. Она заболела сама и предупредила об этом. 12 февраля она объявляет в девять часов, никого не ставя в известность, хотя в исковом заявлении есть мой номер. Могли со мной связаться. И об этом предупредить.


Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев олимпиададан кейін бірнеше пәтер иемденген болатын. Боксшы өз кезегінде солардың бірін жаттықтырушысы әрі нағашысы Кәрім Махмұтовқа сыйға тарқан. Алайда спортшы бүгінде: "Туысым өзара келісімді орындамады. Бұл себепті тарту етпедім", - деп бір қайырды.


Бақыт Сәрсекбаев, Бейжің олимпиадасының чемпионы:


Пәтерді сыйға тартты деген ақпарат бар еді, ол өтірік па, шын ба?  - Өтірік!  - Басында. -  Басында өтірік емес, бірақ ия сыйлыққа бердім. Бірақ оны кейін... міндетін орындаған жоқ Махмұтов.


Жұрағат БАМАН