Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағандыда "Анашым-сағынышым" әнінің тұсауы кесілді

AstanaTV
14.02.2014ж. 20:00
1351
Қарағандыда "Анашым-сағынышым" әнінің тұсауы кесілді

Тәртіп сақшылары қаламынан туған ән! Бүгін Қарағандыда интернационалист сарбаздарға арнап жазылған  "Анашым-сағынышым" әнінің тұсауы кесілді. Туынды "ауған соғысының" аяқталғанына жиырма бес жыл толуына орай жазылған. Әннің музыкасын, сөзі мен бейнебаянын да сақшылар өздері жазған.

Полицейлер шығарманы Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаевқа арнапты. Полиция полковнигі ауған соғысына қатысып, кеудесін оққа тосқан қайсар батырлардың бірі. "Отанға деген махаббат, елге сағыныш бізге жеңісті алып келді", - дейді.

Бір айға жуық уақыт түсірілген туынды сәтті шыққанға ұқсайды. Инспектор Куаныш Медеубаевтың сөзіне жазылған әнді Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметшісі орындады. Бейнебаяндағы актер рөлін де полицейлердің өздері сомдаған.


Әлия ӘШІМ