Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

АҚШ-та мемлекеттік қарыздың шегі көтерілді

AstanaTV
17.02.2014ж. 10:00
1067
АҚШ-та мемлекеттік қарыздың шегі көтерілді

АҚШ мемлекеттік мекемелер мен тарихи нысандарды 2015 жылдың наурыз айына дейін қиналмай қаржыландыратын болды. Ақ үй басшысы Обама мемлекеттік қарыздың жоғары шегін көтеру туралы заңға қол қойды.

Осылайша, үкімет дефолт жариялаудан құтылуды көздеп отыр. Бұдан бұрын шекті межені арттыруды Конгресстің қос палатасы да қолдаған болатын. Мемлекеттік қарыз шегін ұлғайту америка нарығындағы жағдайды жақсартады деп күтілуде.

Айта өтейік, өткен жылдың қазан айында елдегі барлық мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Сөйтіп 800 мың қызметкер жұмыстан кеткен. Өйткені, Америка бұл мекемелерді қаржыландыруға қауқарсыз боп қалған. Бұдан кейін қарыз шегін арттыруға мәжбүр болған.

Илхам ИБРАГИМ