Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Хезболла» қозғалысының басшысы - Хасан Насралла араб әлемін Сириядағы соғысты доғаруға үндеді

AstanaTV
17.02.2014ж. 13:00
872
«Хезболла» қозғалысының басшысы - Хасан Насралла араб әлемін Сириядағы соғысты доғаруға үндеді

«Хезболла» қозғалысының басшысы - Хасан Насралла араб әлемін Сириядағы соғысты доғаруға үндеді. Хезболла да қақтығыстан бас тартуға дайын, - деді ол. Дегенмен Насралла Сириялық босқындардың жеңіске жетуіне жол бермеймін, деп кесті.

Еске салайық, бүгінде «Хезболла» Сирияның үкімет әскеріне қосылып шабуылшыларға қарсы күреске шықты. Хасан Насралла бейбіт келісімге келу жайындағы мәлімдемені Женевадағы конференциядан кейін жасаған.

Хасан Насралла, «Хезболла» қозғалысының басшысы:

Егер жылдап созылған бассыздықтарды тоқтатқымыз келсе, Сириядағы соғысты доғару керек. Сириядан өкілдеріңізді шығарған жөн. Осылай болған жағдайда біз де Сирияны босатамыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА