×

Шығыс Қазақстан облысында өткен «Нұрлы Болашақ Жастары» форумына 500-ден астам адам қатысты

AstanaTV
27.04.2016ж. 20:00
2443
Шығыс Қазақстан облысында өткен «Нұрлы Болашақ Жастары» форумына 500-ден астам адам қатысты

«Нұрлы Болашақ Жастары». Осындай атаумен Шығыс Қазақстан өңірінде облыстық жастар форумы өтті. Бұл шара «Жастар Отанға» партиялық жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Жастар бірлестіктерінің көшбасшылары Жидебайдағы Абай мұражайы кешенінде болып, ұлы ақынның туған жерінде көшеттер отырғызды. Жаңа сквер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне жасалған тарту.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастар форумына 500-ден астам белсенді жиналды. Қыз-жігіттердің көбі ұлы Абайдың туған жері Жидебайға алғаш рет келіп отыр. Музейді аралап, ақынның кабинетінен қолжазбаларын оқыды. Әртістердің орындауында әндерін де тыңдады.

Олжас Шәріпбеков, Зайсан ауданы жастар орталығының директоры:

Өз басым Тәуелсіздіктің құрдасымын. Осы 25 жылда еліміз өркендеді, гүлдеді, көркейді. Осының барлығы жастар үшін ұйымдастырылып жатыр. 

Форум Қарауыл елді мекенінде жалғасын тапты. Бұл жерде жастар отандық өндірушілерді қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Байрақты автошерумен аудан орталығының көшелерін аралап шықты.

Жастардың инновациялық мүмкіндігін дамыту мен қолдау - форумның басты мақсаты. «Жас Отан» жастар қанатын қолдап, Елбасы бағдарламасын жүзеге асыруда белсендік танытқан бір топ жас арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік аумақтық филиал, бастауыш ұйым, үздік акция номинациялары да анықталды. Тіпті, үздік еріктілер мен жастар ұйымының жетекшілері құрметке бөленді.

Маржан Бақыт, ШҚО «Жас Отан» ЖҚ төрайымы:

Әр жас өзінің күш жегірін қазіргі таңда ж ас кезінде еліміздің өркендеп өсуіне осы жастарды дұрыс болып тәрбиеленуіне  белсенді көшбасшылар септігін тигізсе, ондамен ойлаймын біздің юболашағыымыз жарқын. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жастар форумының қатысушылары Абайдың туған жерінде жаңа сквердің негізін қалады. «Гүлдене бер, туған жерім!» республикалық акциясы аясында олар 100 шырша көшетін отырғызды.   

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ