Денсаулық сақтау министрлігі тарап кетсе, таң қалмаңыз. Мәселе Мәжілістегі үкімет сағатында төтесінен қойылды. Депутат Дариға Назарбаеваның пікірінше, Министрлік «басы ауырып балтыры сыздайтындардың» ахуалына алаңдауды қойған. Бар ниеті «реформа ойлап табуға» ауып кеткен. Бұл депутаттарды мықтап ширықтырса керек. Алдарына келген министр Салидат Қайырбекованы депутаттар қарша бораған сауалдың астына алды. Ал ведомство басшысы айтқан түрлі уәжден есте қалғаны - ана мен бала өлімінің азайғаны болды. Базаркүл Отыншиева толығырақ.
Нет обратной связи с больницами и поликлиниками, их насущными проблемами
никто из Министерства не интересуется.
Емдеу орындарымен байланыс орнатып, проблемалардың түп тамырына үңілу былай
тұрсын, жылы кабинеттен шығуға ерінетін саладағы шенділер соңғы кезде тың үрдіс
тапты. Құны удай қымбат, инновациялық жобаларды бірінен соң бірін шұбыртып,
Астанаға, қала берді аймақтарға тарата бастады. "Теңдессіз" бастама
жеміс берді ме, жоқ құрдымға кетті ме, оған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Осыдан
соң атына заты сай емес мұндай Министрліктің қажеті бар ма деген сұрақтың
қойылуы заңды да сияқты.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан"
фракциясының мүшесі:
Министрліктің бар бітіретін шаруасы реформа ойлап табумен, соны сылтауратып
бюджеттен қаржы алумен шектеле ме деп қаласыз. Кез келген сұраққа Министрліктің
жауабы дайын. Дәрі- дәрмекпен қамту толығымен «СК-Фармацияның» мойнында.
Қондырғылар алуға «ҚазМедТех» жауап береді. Қалған шаруа әкімдіктердің еншісінде.
Сонда Министрлік не бітіреді? Одан да оны тарата салмаймыз ба?!
Депутат сөйлеткен деректерге зер салсақ. 2012 жылы Қазақстан, БҰҰ әзірлеген
денсаулық индексі бойынша, 187 елдің арасынан 129 орынға жайғасыпты. Есесіне мұндай тұралаған салаға берілген қаржы көлемі қарыштап артуда. 2004 жылдан бері
10 жыл ішінде бөлінген ақша 5 есеге артып, биыл 862 млрд теңгеге жетті. "Алайда қайтарым жоқ", - деп қынжылады депутаттар. Осы жиында ақжолдықтар күзден
бері дау болып келе жатқан мәселені тағы қоздатты. Ауруына шипа дәрі-дәрмекті шет елден үш есе қымбатқа сатып алып жатқанымыздың себебін
түсіндіруді сұрады
Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол"
фракциясының мүшесі:
Препараты единым оператором от Казахстана были закуплены по цене в 310 долларов
за ампулу, и это при закупе того же препарата
у того же производителя в одно и то же время грузинским оператором за
цену в 65 долларов.
Депутаттың айтқанымен келісесіз бе? -Жоқ келіспеймін.
Жарты күндік жиыннан түйген түйініміз ана мен сәби өлімінің кемігені болды.
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ана өлімі 2, бала өлімі 1,5 есеге азайды. Ол үшін көп жұмыс істедік,
ауылдардан бастап барлық аймақты қамтып, аяғы ауыр әйелдерді дер кезінде
кезекке алдық, дәрісін бердік, керек болса, осында орталыққа алып келдік, соның
барлығының нәтижесі ғой....бұл.
Парламенттің қабырғасында қарағандылық кеншілердің де жайы сөз болды. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев шахтерлар бәлен жыл бойы тегін ем алып келген мекеменің жеке емхана иелігіне қалай өтіп кеткенін ұқпайды. Депутат мұның мәнісін бір білсе, министр білер десе керек, Салидат Қайырбековаға шүйлікті.
Мұхтар Тінікеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Куда смотрит Министерство
здравоохранения, если мы отдаем частной клинике право лечить шахтеров? Мы идем
на поводу у этого индуса. Необходимо ему показать зубы, в конце концов.
Чтобы показать зубы, надо сначала изучить этот вопрос.
Әдетте негізгі жұмысы адам емдеу емес, ауру тарихын толтыру секілді
көрінетін ерекше "қағазбасты" қауымның басты өкілі бұл жолы да
әдетінен жаңылмады. Көп мәселеге "зерттеп, зерделеп, соңынан жазбаша жауап
береміз" деумен құтылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА