Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ОҚО: Көксарай су реттегіші ауданында су тасқыны болды

AstanaTV
18.02.2014ж. 10:00
2012
ОҚО: Көксарай су реттегіші ауданында су тасқыны болды

ОҚО-нда су тасқыны. Көксарай су реттегіші ауданында мұз қалыптасып, су тасып жатыр. Тіпті сол маңда жергілікті жұрттың малдары қырылып қалған. Бұл мәліметті төтенші жағдайлар қызметінің өңірлік департаменті өкілдері растады. Бірақ олар мұны «жаппай мал қырылып жатыр» деп түсінуге болмайды деп отыр.

Бұл - алдын ала ескертілгеніне қарамастан, малдарын қауіпсіз жерге көшірмеген бірлі-жарым селқос фермерлердің әрекетінен болған жағдай, - деді баспасөз қызметінің басшысы Арман Әсибеков.

Сондай-ақ, арнасынан асқан сырдың суы Арыс ауданы тұрғындарына еш кесірін тигізбейді деп отыр. Қазір дария маңындағы бөгеттер құм салынған қаптармен барынша бекемделуде. Көксарай су реттегішінен бастап Қызылорда облысына дейінгі дария бетін қалың мұз басқан.

Судың көтерулінің бір себебі - Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 900 текше метр су жіберілуіне байланысты. Бұдан бөлек Көксарай су реттегіші шлюздарының алдына сең қалыптасуы да мәселені айтарлықтай қиындатқан, деді құтқарушылар.

Илхам ИБРАГИМ