Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бас банкир салымшыларды дүрмекке ермеуге шақырды

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1086
Бас банкир салымшыларды дүрмекке ермеуге шақырды

Кезекті сейсенбі, тағы да дүрбелең. Бас банкир салымшыларды дүрмекке ермеуге шақырды. Еліміздегі үш бірдей банк банкрот болады деген хабарлама кешелі бері тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды. Бүгін қаржы орталықтарына жалма-жан жеткен салымшылар жиған-терген ақшалырын қайтарып алып жатыр. Жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінген Ұлттық банк түс ауа ресми мәлімдема жасады. Ал банктер жалған хабар таратып, елді дүрліктірген адамды анықтау үшін, тиісті органдарға шағымданып үлгерген. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.


Астанадағы Каспий банктің ең үлкен бөлімдерінің бірі. Адам лық-толы. СМС-хабарламаға, одан қалды ашып-қашпа қауесетке сеніп келген салымшылар банкті басып алған. Сыбыстың қаншалықты кең тарап кеткенін іштегі ахуалға қарап аңғару қиын емес.


Салымшылардың абыр-сабырын банк қызметкерлері қызық көрсе керек, халықты жоғары қабаттан видеоға түсіріп мәз-мейрам. Ал бұл уақытта Үкімет мүшелері банктердің банкротқа ұшырауы қисыныз деп мәлімдеді. 


Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі:


Не знаю. Да нет, по-моему нет. «Альянс» просто объявил о своей реструктуризации. А больше ничего другого не было. По остальным? Не было ничего. Банковские желания мы не видели.


Бір айналдырса, шыр айналдырады. Үнемі күлімсіреп жүретін Келімбетовтың қас-қабағы қатулы. Бүгін қалжыңдамады. Көп сөйлеген жоқ. Қысқа қайырды. Телефон арқылы тараған хабарламаны жалған деп жоққа шығарды. Тіпті бұл әрекет ұлттық қауіпсіздікке қарсы жасалған қарекет деді. 


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:


Данная информация является ложной недостоверной, провокационной и направлена на дестабилизацию банковской системы страны. Нацбанк заявляет, что во всех казахстанских банках достаточно средств как в национальной, так и в иностранной валюте,  и в случае необходимости Нацбанк окажет соответствующую поддержку банкам с предоставлением ликвидности. Хотел бы напомнить, что в соответствии с законодательством депозиты физлиц в любой валюте гарантируются государством.


Ал "ЦентрКредит", "kaspi bank" пен "Альянс банктің" басшылығы арандатушы ақпарат тартақан адамды шұғыл анықтау үшін, құқық-қорғау орындарына шағымданған. Тіпті «Каспиий банк»  ресми аккауынтында "өсек-аяң" таратқан адамды тауып беруге қол ұшын бергендерге 100 миллион теңгеге дейін қомақты сыйақы беруге әзір екендігін жария етті.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ