Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оралдық кәсіпкер - Каркуланың өліміне күдікті азамат түрмеден босатуды талап етуде

AstanaTV
18.02.2014ж. 10:00
1030
Оралдық кәсіпкер - Каркуланың өліміне күдікті азамат түрмеден босатуды талап етуде

Оралдық кәсіпкер - Виталий Каркуланың өліміне қатысы бар деп тұтқындалған күдіктілердің бірі өзін қамаудан босатуды сұрап отыр. Мерген Иманқұлов мұны өзінің қылмысқа тікелей қатысы жоқ екендігіміен түсіндірді. Айтуынша, көлігімен күдіктілерді барар жерлеріне жеткізіп салған. Бірақ сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмады.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерді өлтірген күдіктілер 6-ақпан күні Калининское ауылында ұсталған болатын. Тергеу материалдарына сүйенсек, олар 13-қаңтар күні кәсіпкердің ауылдағы үйіне баса-көктеп кіріп, Виталий Каркуланы басынан атып өлтірген.

Мейрамбек Нағашыбаев, Батыс Қазақстан облыстық соты апелляциялық алқасының судьясы:

Зеленов аудандық соты Иманқұлов Мерген, Біржанов Ақкенже және Азамат Тоғаевты 2 айға қамауға алуға рұқсат берді. Тоғаев пен Біржанов бұған қарсылық білдірмесе де, Иманқұлов қарсы шағымын жеткізді. Бірақ оның арызы қанағаттандырылмай, өзгеріссіз қалдырылды.

Еркін ҚАРИН