Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Таразда төрт аналық безі бар әйел Гиннестің рекордтар кітабына енуді қалайды

AstanaTV
18.02.2014ж. 10:00
2120
Таразда төрт аналық безі бар әйел Гиннестің рекордтар кітабына енуді қалайды

Тараздық Арайлым Тұрмағанбетова Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді. Төрт бірдей аналық безі бар қала тұрғыны кітапқа енуге құқым бар деп отыр. 35 жастағы келіншек «Мақтануға тұрарлық мүшемді ешқандай операциямен алдырмаймын. Бұл - Құдайдың берген сыйы», - дейді. Жаратқанның жақсылық нышаны деп камера алдында еш қымсынбастан киімін де шешіп жіберді. Ал камераға көрінуден бас тартқан оның жақыны, өздері үшін «бағалы» төс түйіндерін қаламмен сызып тұрып көрсетті.

Арайлым
Тұрмағанбетова, Тараз қаласының тұрғыны:

Я думала
, что это родинка. Все они растут же. Как есть, такие и остались. Я хочу людей как-нибудь лечить. С другой стороны, все мы люди, но с другого мира. Когда я иду в баню, я не стесняюсь.

Арайлым кеудесіндегі кесектердің анар екенін алғаш рет 17 жасында байқапты. Ал, асқазан үстінен жаңадан бүртік жарған бесінші омырауы 19 жасында өзінен өзі жоғалып кетіпті. Ол, елден ерекше сүт бездері үшін Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздеп жүр. Ал, дәрігерлердің айтуынша, бұл ешқандай қауіпті ісік емес және медицинада да тың жаңалыққа жатпайды екен.

Нория
Гатина, Тараз қаласы №1 емханасының дәрігер-гинекологы:

Емшек безіндегі бұл п
атология - «полимастия» деп аталады. Бұлар кездесе береді, бірақ сирек. Бұл емшек безінің қауіптілігі жоқ деп айта аламын. Және бар деп те айта аламын. Өйткені, қауіптілігі жүктілік кезінде болуы мүмкін. Ісініп бұларда сондай туғызады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ