Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Рысқалиевтердің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот жалғасып жатыр

AstanaTV
18.02.2014ж. 13:00
1101
Рысқалиевтердің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот жалғасып жатыр

«Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы» ісіне қатысты сотта министрлік қызметкері куә болды.

Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитетінен келген маманның айтуынша, «Атырау Құрман Құрылыс» ЖШС төңірегіндегі заң бұзушылықтарға қатысты сарапта жүргізілген. Яғни, аталған компанияның бұрыңғы басшысы Құрманғазы Әлімовті, жалға және ипотекаға берілетін баспананың құрылысы кезінде ірі көлемдегі қаржыға қол салды деп айыптап отыр.

Алайда, куәгерді сауалдың астына алған адвокаттар бұл сараптама қорытындысымен келіспейді. Айтуларынша, министрлік қызметкері аяқталған құрылыс нысандарына барып, еш дәйектер жинамастан, қаржы полициясы деректеріне сілтеме жасап, қорытынды шығара салған. Сондықтан, айыпталушының адвокаты сараптама қорытындысын заңсыз деп тану туралы сотқа өтініш түсірді.

Мырзахан Төлегенов, адвокат:

Ұйымдасқан қылмыстық топпен ұрлық жасады деген сараптама қорытыныдысын аталған маман өзі дайындамаған. Оны тергеуші дайындап, қол қоюға берген. Бұл жағдай сот отырысы кезінде дәлелденді.
Және сарапшының қорытындысы арнайы мамандармен қайтадан тексеріліп, ұрлық фактісі болды ма, жоқ па, анықтау керек еді.

Алайда сот отырысы барысында жауап алынған кезде бұл сауалдарға жауап бере алмады. Сондықтан, менің қорғаушым «Атырау Құрман Құрылыс» ЖШС бұрыңғы басшысына тағылған айып заңсыз деп есептеуді сұрап сотқа өтініш түсірдік.

Айта кетейік, Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, 777 томнан тұратын қылмыстық істі 11 бөлімге бөліп, қарауда. Соңғы төрт күннен бері «Атырау Құрман Құрылыс» бөліміне топтастырылған заң бұзушылықтарға қатысты куәгерлерден жауап алынуда.




{.+СОҢЫ:}