$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты қабылдады

AstanaTV
24.02.2014ж. 20:00
2005
 Елбасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты қабылдады.  Жиында агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары мен биылғы жоспарлары сөз болды. Сондай-ақ тариф саясатын жетілдіру шаралары, тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, реттелетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері талқыланды. 

Президент тарифтерді өсіру нәтижесінде алынатын қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылау қажеттігіне назар аударды. Бұған қоса шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Мұрат Оспанов, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы:


Коммуналдық салада көптеген проблемалар бар. Атап айтсақ, негізінде сумен және жылумен жабдықтайтын жүйелердің тозуы, олардың нормативтік шығындары. Сондай-ақ біздің агенттік осы проблемаларды шешу үшін арнайы кешенді жоспарларды жүзеге асырады.


Жұрағат БАМАН