Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Білім және ғылым министрлігіндегі бюджет қаржысын ұрлаудың жаңа фактілері анықталды

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1192
Білім және ғылым министрлігіндегі бюджет қаржысын ұрлаудың жаңа фактілері анықталды

Отандық Қаржы полициясы Білім және ғылым министрлігіндегі бюджет қаржысын ұрлаудың жаңа фактілерін анықтады. Бұдан бұрын 2013 жылы Шығыс-Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында балалар мен жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 33 миллион теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Енді 2012 жылы Ақтөбе, Атырау, Талдықорған және Шымкент қалаларында балалар-жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 26 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын ысырап етті деген айыппен тағы 3 қылмыстық іс қозғалды.


Мұрат Жұманбай, ҚР ЭҚСЖҚК Агенттігінің ресми өкілі:


Осылайша, аталған қылмыстармен ҚР Білім және ғылым министрлігіне келтірілген залал мөлшері 59 млн теңгені құрады. Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.


Жұрағат БАМАН