Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Киевте ереуілшілер тағы да үкімет ғимаратына баса көктеп кіруге ұмтылды

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1112
Киевте ереуілшілер тағы да үкімет ғимаратына баса көктеп кіруге ұмтылды

Украина астанасы Киевте қақтығыстар жаңа  күшпен лап етті. Бүгін таң ата ереуілшілер тағы да үкімет ғимаратына баса көктеп кіруге ұмтылды.

Ереуілшілер жолды бөгеп тастау үшін екі КамАЗды жағып жіберді. Жол-жөнекей құқық қорғаушыларға тас лақтырумен болды. Полиция қызметкерлері де оппозиционерлерге қарсы күш көрсетіп, пиротехникалық және көзден жас ағызатын гранаталар қолдануда.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, демонстранттар оқ жаудыртып та жатқан көрінеді.  Ақыры оппозиционерлер дегеніне жетті. Украина үкіметінің жұмысы тұралап қалды. Бүгін Жоғарғы Рада 2004 жылғы конституцияны қайта енгізуді талқыға алауды жоспарлаған еді. Ол заң бойынша президенттің мүмкіндіктері шектеулі болатын. Алайда депутаттар тек мемлекеттік әнұран айтып үлгерді. Отырыс ақыры өтпей қалды.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА