Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзаруы мүмкін

AstanaTV
18.02.2014ж. 20:00
1416
Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзаруы мүмкін

Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзаруы мүмкін. Жерлерді ұтымды пайдалану басқармасының бастығы Ақпар Мәуленов біздің арнаға берген сұхбатында "ведомство талаптарына көнсе, өз кәсібін өрге домалатамын деуші шетелдіктерге есік ашық" екенін жасырмады.  "Нақ қандай талаптар және жер қандай мерзімге жалға берілетіні қыркүйекте анық болады", - деді басқарма басшысы.

 

Ақпар Мәуленов, ҚР АШМ жерлерді ұтымды пайдалану және химияландыру басқармасының басшысы:


Жер кодексінде шетелдіктерге он жылға ғана беріледі, ауыл шаруашылығымен айналысу үшін. Болды содан кейін. Сондықтан да ол мерзімді ұзартуға болады. Оған еш кедергі жоқ.  Бірақ өзгеріс енгізбес бұрын, мұны пысықтау керек. Өйткені мына қытайлықтар келіп, бір-ақ жылда жерден барлығын сорып алады да, ана жерден енді қырық жыл ештеңе өспейтіндей етіп кетеді.


Айта кетейік, бүгінде ауыл шаруашылығына арналған жерлердің 15 пайызы пайдаланылмайды. Шамамен 125 млн гектар жайылым суландырылмаған, демек құр қаңырап жатыр. Ал елді мекендер жанындағы 20 млн гектардан астам жерге тіпті күрек тимеген. Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымын ұтымды пайдаланбағандардан жерлерді тартып алуға бекінді.


Әлия ӘШІМ