Астанада пәтер
иелері кооперативтерінің жұмысы ашық болу үшін қажетті шаралар қабылданбақ.
Олар ешкімге есеп бермейді. Қолдарында қанша қаржы барын ешкім білмейді.
Елордада 204 ПИК-тің 128-і қаражатты көруге мүмкіндік беретін Бірыңғай есептесу
орталығының қызметін пайдаланбайды. Ал 24-нің есепшоты да жоқ. Тұрғындар
жиналатын ақшаның қайда жұмсалатынын білуі тиіс. Бұл жайлы бүгінгі есеп беру
жиынында әкім Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Сондай-ақ, кездесуде
автобус парктерінің болашағы да сөз болды. Астана әкімінің есебінде көтерілген
өзге де мәселелер туралы 20:00-де қорытынды жаңалықтарымызда толығырақ.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА