Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

В.Кличко: Янукович Украинада Президент пен Парламент сайлауын мерзімінен бұрын жариялауы тиіс

AstanaTV
19.02.2014ж. 10:00
754
В.Кличко: Янукович Украинада Президент пен Парламент сайлауын мерзімінен бұрын жариялауы тиіс

Киевтегі жағдай туралы тағы да ақпараттар келіп түсуде. Міне, қазір ғана "РИА Новости" ақпарат агенттігі қақтығыстар салдарынан опат болғандар саны 16 адамға жетті деп жазды. Қаза тапқандардың ішінде «Аймақ» партиясының мүшесі, әрі қызметшісі, милиция өкілдері бар делінуде. Сондай-ақ, таяқтармен қаруланған бір топ азамат Канада елшілігін де талқандап кетті.

Ал «Итар-ТАСС» жаппай ереуіл елдің басқа қалаларында да бастау алды деп хабарлауда. Радикалдар Львовтегі әскери бөлімдердің бірін басып алған. Мұнда сарбаздарды жаппай жарақаттап жатыр. 30 әскери ауруханаға түсті. Сондай-ақ, Қауіпсіздік қызметтің ғимаратын өртеп жіберген. Прокуратура, облыстық әкімдік ғимараттарын да шерушілер басып алды деп жазады.

Ал оппозиция елде жаңа үкіметті құру міндетін өз мойнына алуға дайын, - деп хабарлады «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко. Ол елге басу айтып, тығырықтан шығара аламын, есесіне Президент сайлауы жариялануы тиіс деген талабын қойып отыр. Міне, оның айтқанын сөзбе-сөз келтірейік: «Янукович Украинада Президент пен парламент сайлауын мерзімінен бұрын жариялауы тиіс. Бұл қадамға барса, елді тығырықтан шығара аламыз, бұл нағыз ер азаматқа лайықты қадам болады, - деді Кличко.

Илхам ИБРАГИМ