$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Киевтегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандар саны 20-дан асты

AstanaTV
19.02.2014ж. 13:00
1286
Киевтегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза болғандар саны 20-дан асты

Украинадағы жағдай сағат сайын ушығып барады. Майдандағы жаппай қақтығыс салдарынан ажал құшқандар саны 20-дан асты. Мұны елдің денсаулық сақтау министрлігі растап отыр. Оның қатарында оққа ұшқан «Вести» газетінің тілшісі де бар.

Киевте болып жатқан күрделі жағдайға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы мәлімдеме жасады. Пан Ги Мун зорлық-зомбылықтың ушығып тұрғанына алаңдаулы. Ол өз мәлімдемесінде тез арада көтерілісшілер мен биліктегілердің бір үстелге отырып, ақылдасуын талап етті. Сондай-ақ, осы күнге дейін ұсталып, темір торға жабылған шерушілерге амнистия жариялау керектігін баса айтқан.

Ал ел басшысы Виктор Янукович болса, адамдарды қару қолдануға шақырған оппозицияны айыптап әлек. Президент «билікке ұмтылғандар үшін» жазаға тартылудың орнына, бейбіт келісім жасауды ұсынып отыр.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, күштік құрылымдардың 349-ға жуық өкілі медициналық қызметтің көмегіне жүгінген, тағы 74-тен астам сақшыға оқ тиген. Шерушілерді тарату үшін арнайы құралдарды қолдану туралы бұйрық берілген деген ақпарат та бар. Ал көшеге шыққан халықтың басты талабы - ел конституциясын өзгерту. Ушыққан жағдайға байланысты Киевте 19-ші ақпан - демалыс күні деп жарияланды. Билік кәсіпкерлер, оның ішінде дүкен, халыққа қызмет көрсету орталықтары басшыларын да жұмысқа шықпауға шақыруда.

Михайло
, Киев қаласының тұрғыны:

Бұл жағдай шынымен де партизандык соғысқа ұқсап барады. Дегенмен, үстімізге от қойсын, таптасы
н, біз бәрібір әділдікке қол жеткізбей қоймаймыз. Өйткені, біз түк те жоғалтпаймыз.

Сымбат МОЛДАТАЙ