$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-ғы шетелдік банктердің жұмысы қиындай түспек

AstanaTV
19.02.2014ж. 13:00
1312
АҚШ-ғы шетелдік банктердің жұмысы қиындай түспек

АҚШ-тың Федералды Резерв жүйесі, яғни бас банк қаржы нарығындағы өзге шетелдік банктер жұмысын қатаңдатты. Бұл туралы басқарушылар кеңесінің отырысында Джаннет Йеллен хабарлады.

Бүгіннен бастап Құрама Штаттарда 50 миллиард доллардан астам активі бар шетелдік банктер отандық банктерге арналған талап бойынша жұмыс істейді. Йеллен ханымның айтуынша, 2008-жылы болған қаржылық дағдарысты қайталамас үшін Федералды Резерв жүйесі мұндай шешімді қабылдап отыр. Бұл өтімділік стандарттары, резервті капиталды басқаруға қатысты. Жаңа өзгеріске байланысты енді шетелдік банктер АҚШ-та холдингтік компаниялар ашуға міндетті. Олар өз жұмыстарының америкалық нарықта атқарған іс-әрекеттеріне кепілдік береді. Дегенмен, бұл жаңалық шетелдік банктердің көңілінен шыққан жоқ.

Олардың айтуынша, қатаң тәртіп АҚШ-тағы бизнес бағасын арттырып, берілуге тиіс несиелер көлемін азайтып жіберуі әбден мүмкін.

Сымбат МОЛДАТАЙ