Ал Ұлттық банк өз SMS-імен контршабуылға шықты! Қазақстандағы үш банктің банкрот болғаны туралы таралған анонимді смс-хабарламаға жауап түрінде бүгін таңертеңнен абоненттердің барлығына сабырлыққа үндейтін қысқа хабарлама жолдады.
"Қазақстандағы бірқатар банктердің қаржылық жағдайы мен күйреуі жайлы
таралған жалған sms-ақпарат - қасақана арандатушылық. Бұл қадам елдегі банк
жүйесінің тұрақсыздығына бағытталған. Қазақстан қаржы мекемелерінің барлығында
ақша жеткілікті. Азғындарға ермей, сабыр сақтаңыздар".
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Қазақстандық банктердің жағдайы тұрақты, олар шетелдік валютамен де, теңгемен де жеткілікті қаржыға ие.
Әлия ӘШІМ