Қаржы полициясы таратылады деген қауесетті ведомство өкілдері жоққа шығарды. Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мекеме құзіретінің өзге органға өтетіні жайлы ақпаратты «қауесет» деп бағалады.
Андрей Лукин, ҚР ЭҚСЖҚК Агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары:
Агенттіктің таратылатыны туралы
сұрақ көтерілген де жоқ. Иә, блогерлер мен БАҚ арасында қаржы полициясының
кей құзіреттері басқа ведомствоға өтеді деген қауесеттің барын білемін. Бірақ
органда еш өзгеріс болмайды, бұрынғыдай мекеме экономикалық және сыбайлас
жемқорлықтың жолын кесуді жалғастыра бермек.
Әлия ӘШІМ