$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда басталмай жатып құрылыс тоқтатылды

AstanaTV
20.02.2014ж. 10:00
1112
Павлодарда басталмай жатып құрылыс тоқтатылды

Павлодарда қомақты қаражатты талап ететін «Спорт-сити» кешені құрылысына қатысты жоба басталмай жатып тоқтады. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев жобаны жан-жақты зерттеген кейін, осындай шешім қабылдағанын жеткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, салауатты өмір салтын дәріптейтін кешен зауыттар шоғырланған аумақтан шалғай болуы тиіс. Оның үстіне қаладағы Солтүстік өндіріс аймағының қақ ортасында салына бастаған нысан коммуникациядан да жұрдай. Мұнда жылу, электр, су желісі де тартылмаған. Тіпті, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары да дайын болмай шықты.

Қанат Бозымбаев алдын ала зерттеліп-зерделенбеген жұмыстың, қалай бастау алғанына таң. Тіпті, спорт кешенінің қаладан 15 шақырымдай алыс болуының өзі де күмән тудырғанын жасырмады. Онда қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі де шешілмеген.

Қанат
Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:

Нысандар міндетті түрде салынады. Бірақ, коммуникациясы мен тұрғын үй көп шоғырланған аумақта. Тек, өндірістік аймақта емес. Ал, өндірістік зонаға біз шағын және ірі өнеркәсіп нысандарын тұрғызамыз.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ