$478.93 €534.96 ₽5.16
×

ДСМ: Өскеменде дәрі-дәрмек құнының қымбаттауына біздің қатысымыз жоқ

AstanaTV
20.02.2014ж. 20:00
1110
ДСМ: Өскеменде дәрі-дәрмек құнының қымбаттауына біздің қатысымыз жоқ

"Өскеменде дәрі-дәрмек құнының аспандап кетуіне біздің қатысымыз жоқ." Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы бүгін осындай мәлімдеме таратты. Яғни ведомство өкілдері қымбатшылықтың министрлік пен жергілікті билік арасындағы меморандуммен бекігенін теріске шығарып отыр. Ал осы кезде шығыс қазақстандық фармацевттер меморандумда бағасы жоғарылатып көрсетілген дәрі-дәрмектің құнын реттеуге кірісіп кетті. Олар әлеуметтік бағамен саудаланатын препараттар санын 210 нан 290-ға дейін көбейткен. Сатылым парақшасында көрсетілген бағаларды да кеміте бастады. Шенеуініктер бағаның бастапқыда неге жоғарылап кеткендігін де түсіндірді.


Нұрланғазы Ибраев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысы: 


Біз бұл жағдайға қатысты түсініктеме бере алмаймыз. Тек айтарымыз, әр өңір өз бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жасап жатыр.


Еске салайық, өңірде кей дәрілердің бағасы 100 пайызға дейін қымбаттағаны туралы кешегі жаңалықтарымызда айтқан едік. Таң қалдырғаны меморандумда көрсетілгендей, Денсаулық сақтау министрлігінің өзі дәрі-дәрмек бағасын еселеуге келіскен. Мысалы, «Хилак форте» -дәріханаларда 1 200 теңгеге саудаланып жатыр. Дәл осы дәрінің бағасын сатушылар 2 500 теңгеге дейін көтере алады. Бұл баға меморандумда көрсетілген. «Парацетамол» дәріханаларда 13 теңгеден саудаланып жатса, меморандумға сәйкес көрсетілген баға 28 теңгені құрайды. Бәрінен де оксалин майының бағасы шарықтап кеткен.


Под номером 124 оксалиновая мазь, у оптовиков она стоит 78 тенге, в продаже ее цена должна быть 400 тенге.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА