Ресейдің іріткі салуға үйір азаматы Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстігін басып алу туралы "ұсынысы" - оның жеке басының сандырағы, бірақ үнсіз қалуға болмайды. Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясына Лимоновтың мәлімдемесіне қатысты ресми ұстанымды айқындау жөнінде "нота" жолдады.
Жанболат Үсенов, ҚР Сыртқы істер
министрлігінің ресми өкілі:
Лимонов мырзаның ресми тұлға
болып табылмайтындығын және Ресей Федерациясының ұстанымдарын білдірмейтінін
түсінеміз. Оның мәлімдемесі ешқандай негіздемеге сүйенбей және сандырақ ретінде
қарастырылуы мүмкін. Дегенмен біз, Ресей Федерациясының сыртқы істер
министрлігіне Лимоновтың мәлімдемесіне қатысты ресми ұстанымын айқындап беру
жөнінде нота дайындауды қажет деп ұйғардық. Ол нота бүгін дипломатиялық арналар
арқылы жолданған болатын.
Еске салайық, ресейлік жазушы "Facebook" әлеуметтік желісінде
Кремльге Қазақстанның солтүстік облыстарын аннексиялау, яғни жіктеп алу жөнінде
кеңес берген. "Бұрынғы кеңестік екі ірі республика: Украина мен Қазақстан
ауыр кезеңді бастан өткеріп отыр. Қазақстанда елге жағымсыз девальвация жүріп
жатыр. Мені, шын мәнінде, осы екі бұрынғы кеңестік республикадағы ахуалдар
қуантады. Егер біз аузымызды ашып отырмасақ, Украинаның бір бөлігі мен
Солтүстік Қазақстан Ресейге тиеді деп үміттенемін", - деп жазған-ды.
Жұрағат БАМАН