Банктерге
берешек 5 млн адамның бестен бірі несиені қайтаруға асықпайды. Ал олардың жалпы
қарызы 300 млрд теңгеге жуықтаған. Ұлттық банк бүгін осындай дерекпен бөлісті.
Қордаланған қарызды қайтару үшін, бас қаржылық реттеуші коллекторлар қызметін
ширата түспек. Ол үшін, жұмысы жүйеленбей келген агенттіктер қызметі туралы
арнайы заң қабылданбақ. Тұсаукесері болған күні-ақ депутаттардың сынына ұшыраған құжат бүгін
жұмыс тобының отырысында тағы да қызу талқыланды. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.
Бұл
интернетте кең тараған видео. Қазақстандағы коллекторлық компаниялардың бірі
деседі. Осындай агенттіктер біздің қаржы нарығында 10 шақты жылдан бері жұмыс
істейді. Тек қызметтері жүйеленбеген. Ресми дерекке сай, Қазақстандағы еңбекке
қабілетті 8 млн жанның 5 миллионы банктерге берешек. Оның 1 миллионы қарызды қайтаруға
құлықсыз. Борыштың 28 пайызы ипотекалық, қалғаны тұтынушылық. 662 мың адамның
ісі коллекторлық компанияларға тапсырылған.
Олег
Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
Борышкерлерге
қатысты сараптама жүргіздік. Олардың төрттен бірі ғана объективті себептерге
байланысты қарызын қайтармай жүргені белгілі болды. Асыраушысынан айрылу,
ауруға шалдығу, өлім, тағы басқа. Ал басым бөлігі құр қашып жүргендер. Мекенжайы, байланыс телефондары жалған. Тағы біразы алаяқтық жолмен несие алғандар.
Ал
мәжіліске келіп түскен заң жобасында банктер несие 90 күнде өтелмесе, қарызды
қайтаруды бірден коллектрлық агенттіктерге тапсыратыны айтылады. Депутаттар
бүгінде қаржылық қиындыққа тап болғандар көп,- дейді. Соңғы 3 жылда теңге екі
рет құнсызданды. Сондықтан несиенің пайызын азайту немесе төлем уақытын бірнеше
айға шегеру тәсілдерін қолдануды ұсынды. Алайда Ұлттық банк 8 мың адамға
реструктуризация жасалғанын айтады. Оның 72 пайызы қаржылық қиындықтан сол күйі
шыға алмаған.
Я
твои проценты прощаю, хотя бы основную сумму получит, за какие-то деньги марать
свою карму. Он лучше заплатит долг, если банк пойдет на уступки.
Ұлттық
банк екі жыл бұрын, екінші деңгейлі банктерге тұтынушының несие төлемі
жалақының 50 пайызынан аспауы тиіс деп міндет қойған. Бұл қаржылық сауаты төмен
халық қарызға белшеден батпауы үшін жасалған еді. Алайда шағын несие ұйымдары
мұны елең қылмастан, тұрмыстық техника мен телефондарды несиеге оңды-солды
таратты. Тіпті үстемақысы 56 пайыздан асып түсетіндері бар.
Нұртай
Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
1
млн теңге берсе, қарыз алушы оған жылына 400-500 мың теңге қайтарып береді Мен
ойламйын, осы шағын қаржы ұйымдарының қарыздарын коллекторлық агенттіктерге
беруге болмайды.
Дегенмен,
Ұлттық банк өкілдері коллекторлар қызметіне зәру екенін айтып бақты. Ал депутат
Мұхтар Тінікеев құжаттың тұсаукесерінде еске салған, ресейлік коллекторлардың
сиқы мынадай. Әрине, Ұлттық банк басшылығы мұндайға жол берілмейді. Біздің
коллекторлық компанияларда, ұрдажықтар емес, адам жанын ұғатын психологтар
жұмыс істейді деп сендірді.
Олег
Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
Біз
олармен тілдестік. Борышкермен жұмыс кезінде психологиялық тәсілдерді
қолданады. Көпшілік елестеткендей, түрі сұсты бұрынғы құқыққорғау қызметкерлері
емес. Олар адам психологиясын жақсы түсінетін мамандар.
Ал
борышкердің жапа шеккен жағдайда қайда барып шағымданатыны әзірге белгісіз.
Өйткені коллекторлық агенттіктердің мәртебесі әлі күнге айқындалмаған. Олар
қаржылық ұйым ба, әлде әділет органдарына қарай ма - осы жағы бұлыңғыр. Заң
жобасын жұмыс тобы әлі де пысықтай түсетін болып тарқасты.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ