$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстанның бірқатар аймақтарында жолдар жабылды

AstanaTV
21.02.2014ж. 10:00
970
Қазақстанның бірқатар аймақтарында жолдар жабылды

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Жел соғып, ақ түтек боран, көктайғақ болады деп хабарлайды синоптиктер. Ал бұл жолдардағы жағдайды қиындатып жатыр.

Бүгін түнде құтқарушылар 105 көлік пен 135 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Бір ғана Ақтөбе облысының «Ақтөбе-Астрахань» тас жолында 60 көлік, оның ішінде бір автобус жолда қалып қойған. Мамандар көлік қозғалысына шектеу қойып жатыр.

Атап айтқанда, боранның салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы облысындағы «Сарыөзек-Көктал» тас жолының 40-95 шақырымы барлық автокөліктер үшін жабылды. «Алматы-Өскемен» тас жолында көлемді жүк машиналары үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды. Шығыста да көлік жолдарында қозғалыс тоқтатылуда.

Илхам ИБРАГИМ