$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қазақстанда Өзбекстаннан көлік келуге тыйым салынды

AstanaTV
21.02.2014ж. 10:00
1282
Қазақстанда Өзбекстаннан көлік келуге тыйым салынды

Қазақстандықтар енді өзбек көліктерін сатып ала алмайды! Кеден одағының техникалық тәртіптері көрші елдің көліктеріне тыйым салды.

Өзгертілген регламент бойынша темір тұлпар ішінде кемінде бір қауіпсіздік жастығы, ABS тежегіш жүйесі мен бүлдіршін орындығын бекітуші құрылғылар болуы керек. Мұндай талапқа сай келмейтін Өзбекстанның Nexia және Matiz автокөліктерін елге кіргізу осы қаңтардан бастап тоқтатылған.

Әзірге елде қоймада қалған көліктер ғана сатылып жатыр. Ал Ресей шығаратын «Лада» автокөлігінде де қауіпсіздік жастығы орнатылмаған, десе де оларға әзірге шектеу жоқ.

Айта кетейік, өткен жылы Nexia және Matiz автокөліктері Қазақстан нарығында өте үлкен сұранысқа ие болып, ел территориясында олардың 23 мыңға жуығы сатылған.

Әлия ӘШІМ