$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Украина милициясы шерушілерге қарсы қару қолдана бастады

AstanaTV
21.02.2014ж. 10:00
1101
Украина милициясы шерушілерге қарсы қару қолдана бастады

Украина астанасындағы қақтығыстар салдарынан қаза болғандар саны 75 адамға жетті. Кей ақпарат құралдары Евромайданда ондаған адамның мәйіті әлі күнге жатыр деп хабарлайды. 300-ден астам адам түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.

Белгілі болғандай, Украина милициясы шерушілерге қарсы қару қолдана бастаған. Бірақ бұған мәжбүрліктен бардық деп отыр билік. Өйткені, қақтығыс алаңында мерген пайда болып, құқық қорғау органдарының 20 өкілін жарақаттап тастаған. Сөйтіп, жеке қауіпсіздікті сақтау мақсатында күштік құрам да оқ жаудыра бастады.

Ал Киев мэрі Владимир Макеенко болса, бұл жағдайды құптамайтынын айтып, билік партиясы құрамынан кетті. Ол «ешқандай билік адамды құрбан етуге тұрмайды» деген пікірде. Ол «қақтығыс барысында бір де бір олигарх пен саясаткер өлмеген, керісінше, ондаған қарапайым тұрғын ажал құшты» деп биліктің әрекетін сынаған сыңай танытты.

Қазіргі кезде Киев дүкендерінде азық-түлік таусылған. Ел астанасында жаппай тонау оқиғалары тіркелуде. Президент Янукович текетіресті тоқтату үшін ақыры кезектен тыс президент сайлауын өткізуге келісімін берді.

Илхам ИБРАГИМ