$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қытай мен Жапония арасында соғыс басталуы мүмкін

AstanaTV
21.02.2014ж. 10:00
10062
Қытай мен Жапония арасында соғыс басталуы мүмкін

Қытай Жапониямен арадағы арал дау-дамайына қатысты соғысқа әзірленіп жатыр. Бұл туралы «Вашингтон Таймс» АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің барлау қызметкері Джеймс Фанелланың мәлімдемесіне сілтеме жасап жазды.

Оның айтуынша, Бейжің жуырдағы әскери оқуларын дәл осы мақсатта өткізген. Яғни, Қытайдың жағалау күзетінің кемелері және әскери-теңіз күштері көршілес елдерді үйрейлендіру мақсатында бірқатар әскери іс-қимылдар жасаған көрінеді. Негізінде дау-дамай Қытай және Жапония елдері арасындағы Сенкаку аралдарына қатысты туып отыр.

2012 жылдың қыркүйегінде Жапон билігі жекеменшігінде бірнеше аралы бар жапондық азаматтан үш аралын сатып алған болатын. Бұған қарамастан, қытайлық кемелер аталмыш аралдарды жағалап жүруді доғармаған. Қазіргі таңда даулы аралдардан табылған табиғи газға Оңтүстік Корея да көз салып отыр.

Жұрағат БАМАН