Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасы халықты сабыр сақтауға шақырды

AstanaTV
21.02.2014ж. 20:00
1104
Елбасы халықты сабыр сақтауға шақырды

Банктер айналасындағы дүрбелеңге Елбасы араласып, халықты сабыр сақтауға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бірде-бір банк банкротқа ұшырамайды деп сендірді. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:


Ни один банк банкротству не будет подвержен. А тот, кто спровоцировал, мы их нашли, поймаем, они будут наказаны и всем вам показаны, что это за люди и почему они это делали. Поэтому надо успокаиваться и нормально работать. Не будет банкротства.


«2009 жылы БТА және өзге банктер банкротқа ұшыраудың аз ақ алдында болған еді. Бұған жол берген жоқпыз. Қазір де жол бермейміз», - деп кесті Президент. Кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржы секторын сауықтыру мәселелері бойынша Ақордада өткен кеңесте Мемлекет басшысы экономиканы дамыту үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Бұл қаражат жаңа жұмыс орындарының ашылуын, еңбекақының уақытылы төленуін қамтамасыз етпек. «Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді, нақты жобалар да бар», -  деп ескертті Елбасы. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да назардан тыс қалмауы қажет. Осыған орай қарыз қаражатын бөлу мәселесімен айналысатын тиісті комиссия құрылатынын хабарлады. {. +СОҢЫ }


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА