Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«ЦентрКредит» банкінің банкроттығы туралы жалған СМС таратқан азамат 20 тәулікке қамалды

AstanaTV
24.02.2014ж. 10:00
929
«ЦентрКредит» банкінің банкроттығы туралы жалған СМС таратқан азамат 20 тәулікке қамалды

«ЦентрКредит» банкінің банкроттығы жайында жалған ақпарат таратушы 20 тәулікке қамауға алынды. Алып-қашпа әңгіменің авторы банктің бұрынғы қызметкері Дархан Сәбденов болып шықты.

Алматы қалалық прокуратурасының таратқан ақпарына сай, ол Банк қиын қыстау кезеңді бастан кешіп жатыр деген, жалған мәліметпен «Signum» заң компаниясы ЖШС-ның меншік иесі Әбілхайыр Нақыповпен және осы компанияның қызметкерлері Виктория Трофимович және Әйгерім Адаспаевамен бөліскен. Олар өз кезегінде хабарламаны әлеуметтік желілерге таратып жіберіпті.

Сәбденовке әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру" бабы бойынша жаза қолданылды деп, - Алматы қалалық прокуратурасы хабарлады. Жалған ақпарат таратушы прокурорлық тексеріс және Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде анықталған.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА