$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-та экономикалық ахуалға байланысты қорғаныс министрлігі америкалық әскерилер санын азайтпақ

AstanaTV
25.02.2014ж. 10:00
809
АҚШ-та экономикалық ахуалға байланысты қорғаныс министрлігі америкалық әскерилер санын азайтпақ

Америка Құрама Штаттарының қорғаныс министрі Чак Хейгел америкалық әскерилер санын азайтпақ. Бұл туралы New York Times хабарлайды.

Баспасөз бетіне шыққан мақалада алдағы бірнеше жылда қазіргі әскер саны азайтылып, небары 440 мың адам қалады деп жазылған. Бұл 1940-шы жылғы көрсеткішпен тең.

Одан бөлек, қорғаныс министрлігі реактивті әскери ұшақтардан да бас тартып отыр. Әскердің еркінде тек F-35 жойғышы қалмақ. Сарапшылар министрліктің бұл шешімін елдегі қаржылық үнемшілдікпен байланыстырды.

Еске сала кетейік, өткен жылы желтоқсанда Чак Хейгел алдағы 5 жылда ең аз дегенде 1 миллиард доллар үнемдейміз деп жариялаған. Министр алдымен әкімшілік қызметкерлерді қысқартса, қазір кезек жауынгерлерге жетті. Министр Хейгелдің бюджетке қатысты ұсынысы қазір Конгресске жолданды.

Ал сарапшыларшылар болса, Конгресстің бұл өзгерісті жедел түрде қабылдайтынына күмән келтірмейді. Өйткені, «экономикасының қуаттылығынан әлем бойынша бірінші орын алатын мемлекет қазір кейін шегінуде».

Сымбат МОЛДАТАЙ