Атырау облысының Мақат ауданында із-түссіз жоғалып кеткен 7
жасар баланы іздеу бүгін де жалғасуда. Кеше төтенше жағдайларға арналған
тікұшақпен шығып ауыл маңы іздестірілген. Ауыл халқы да аяқтарынан тік тұрған
болатын.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бала
жексенбі күні күндіз үйінен ойнауға шыққан. Содан
оралмапты. Ата-анасы іздеп, нәтиже болмаған соң кештетіп ішкі істер органдары
хабарлапты. Жергілікті полицияның күшімен жүргізілген іздеу жұмыстары нәтиже
бермей, тікұшақпен құтқарушылар тобы қосылды. Оны ауыл сыртында екі итімен
жылқыларды қуалап ойнап жүргенін көрген адамдар бар. Тіпті аяқ іздері де
табылыпты. Айтуларынша, сәби бастауыш мектепте
білім алады, неврологиялық ауруымен дәрігерлік тіркеуде тұр. Ол бұдан бұрын да осылай үйден шығып, ауылдан алыстап
кеткен сәттері болған.
Ерболат Досмағұлов, Мақат аудандық ІІБ басшысы:
Баланың өзі, ресми қағазы бар, аздап кемістігі бар ақыл-ойынан. Бала өзімен-өзі жүреді. Осы жерден 15 шақырым жерде мал
бағатын ауылдар бар. Содан келе жатқанда баланы көреді бір кісі. Екі итімен
ойнап жүреді далада, айдалада. Жылқыны қуып ойнап жүреді. Манағы кісі алып
кеткісі келсе, ұстатпай қашады. Кеше кешке тағы барып шолып қайттық. Бүгін
таңда жеке құрам жұмылдырылып, тағы кетті. Бағытымыз сол жақта.