$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Владимир Божко: Жаңақорғандағы жағдай қалыпты

AstanaTV
25.02.2014ж. 13:00
926
Владимир Божко: Жаңақорғандағы жағдай қалыпты

Топан су Жаңақорған елді мекеніне енді қауіп төндірмейді. Бүгін еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Бажко осылай деп мәлімдеді.

Еске салсақ, Өткен демалыс күндері күннің күрт жылынуы салдарынан Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылының тұрғындары топан су асытында қалудың аз-ақ алдында қалған. Сырдария арнасынан тасып, одан қалды Қаратаудың қары еріген болатын. Салдарынан 40 үйге зақым келген. Қазіргі уақытта алдын алу жұмыстары жүріп жатыр, - деді ведомство басшысы. Алайда, өтемақы жағдайы әлі шешілген жоқ.

Владимир
Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Өтемақы төлеу жағдайы әкімдіктер берген қорытындыға байланысты. Қазір облыстық және аудандық әкімдіктер жұмыс жасап жатыр. Әзірге үлкен апат және оның салдары туралы баяндаған жоқ. Ауа температурасы 10-15 градусқа көтеріліп кеткенде, таудағы қар күрт ериді. Мұның алдын алу мүмкін емес еді
.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА