Таиландтағы тәртіпсіздік салдарынан 22
адам қаза болып, жеті жүздейі жараланды. Қайтыс
болғандар ішінде балалар да бар. Өткен жексенбіде тағы да қайғылы оқиға
тіркелді. Бір топ шерушілер арасында граната жарылып,екі адам ажал құшты.
Қарсылықтың ұзап кетуі тайлықтардың
әзірге қайтпайтынын көрсетуде. Оппозицияның қысымымен премьер Йинглак Чинават
уақытша үкімет құрылғанын айтып, сайлауды ақпанға белгілеген. Алайда ол өтпей, аяқсыз қалды. Енді қорытындысы сәуірдің
соңында жария болады.
Ереуіл салдарынан Таиланд шығынға
батуда. Қаңтардың өзінде корольдық қазынасы
685 миллион долларға кеміген. Сарапшылар бұлай жалғаса берсе, жарты жылда бұл
сома үш миллиардқа жетеді деп болжап отыр.
Еске салайық, оппозиция былтырдан бері
Үкімет басшысы Йинглак Чинаваттың отставкаға кетуін талап етуде. Көпшілік оны
шет елге қашып кеткен ағасының қолындағы саяси «қуыршақ» деп айыптауда.