$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Оңтүстік Корея президенті екі елдің бірігуі үшін барлығын жасамақ

AstanaTV
25.02.2014ж. 20:00
1181
Оңтүстік Корея президенті екі елдің бірігуі үшін барлығын жасамақ

Сеул Екі Кореяны біріктіруге күш салмақ. Бұл жайында ел президенті Пак Ын Хе мәлімдеді. Ол Корей түбегінде бейбіт күннің орнауына барынша ықпал жасайтынын жеткізді.

Кезінде қырғи-қабақ болып екіге бөлінген бауырлас елдер араға 50 жыл салып Оңтүстік Кореяның ықпал етуімен татуласып жатыр. Пак Ын Хе туыстық қарым-қатынаста болып, екіге жарылған отбасы мүшелеріне арнап қауышу алаңын ұйымдастырды. Оған Оңтүстік Кореядан 82, Солтүстік Кореядан 180 адам келіп отыр.

Естеріңізге салсақ, Корея екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қақ жарылды. 1950 жылы екі тарап арасында соғыс басталған еді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА