$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Үкімет кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауда заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізбек

AstanaTV
25.02.2014ж. 20:00
1248
Үкімет кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауда заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізбек

Үкімет кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында сегіз заң мен оннан астам заң актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізбек. Кешенді жоспармен Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Үкіметтің селекторлық отырысында таныстырды.

Бизнесті тіркеу, ашу рәсімдерінен бастап жеңілдік жасау мақсатында бірқатар құжаттарды азайту көзделген. Мәселен, экспорт пен импортқа қажетті рұқсат беру құжаттарының саны қысқарады. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» бизнесті жүргізу рейтингісі бойынша қазақ елі 189 елдің ішінде 50-ші орында. Бұл - жаман көрсеткіш емес. Алайда халықаралық сауда, құрылысқа рұқсат беру, электр қуатымен қамтамасыз ету, несие беру тұрғысында әлі кемшіліктер бар.

Болат
Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:

Халықаралық сауда индикаторына тоқталсақ, «Жүк тасымалының есебіне» қажетті құжаттар азайтылады. Транзиттік тасымалдау тарифтерінің коэфициенттері төмендетіледі. Қытай порттарынан Қазақстанға теміржол арқылы тасымалданатын жүктерге ортақ тариф қалыптастыру мәселесі Қытай тарапымен келісіледі. Электронды кедендік декларациялау жүйесін енгізу бойынша да кодекске тиісті өзгерістер қарастырылған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ